Жексенбі күні ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 тамыз, жексенбі күні еліміздің көп аймақтарында күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан күн жылы болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қарағаңды, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында таңертең және күндіз найзағай ойнап, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар