Жақында бір шешімге келеміз – Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнет жасын төмендету жайлы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қашан шешілуі мүмкін? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: primeminister.kz

«Кеше мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін тағы бір рет кездесеміз. Жақында біз белгілі бір шешімге келеміз деп ойлаймын», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр бұл мәселе бойынша қай кезде болса да, келісімке келуге дайын екенін мәлім етті.

«Мен ертең-ақ белгілі келсімге келуге дайынмын. Бірақ бұл біздің серіктестерімізге де байланысты. Айдың соңына қарай бұл мәселе бойынша нәтижелер белгілі болып қалады деп ойлаймын», - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, былтырдан бері елімізде шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланып келе жатыр.