Үндістанда пойыз вагонындағы өрттен 10 адам қаза болды

АСТАНА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат - Үндістанда пойыз вагонындағы өрттен 10 адам қаза болды. Оқиға Тамиланд штатындағы теміржол станциясының тұрағында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агентігіне сілтеме жасап.
None
None

Жарылыс салдарынан 9 адам мерт болды. Сондай-ақ 20 адам жарақат алды.

Hindustan Times басылымының хабарлауынша, туристер мінген пойыз Мадура ауданындағы теміржол станциясының тұрағында тұрған.

Өңір биілігі өрттің шығуына Уттар-Прадеш жолаушыларының қолдануына тыйым салынған газ баллонының жарылуы себеп болғанын айтты.

Зарда шеккендер ауруханаларға еткізілді.

Сурет - aa.com.tr/ru