Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды.

Бес адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсететін болады.

Марқұмдарды жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылып, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетілмек.

Сондай-ақ, 28 ақпанда сағат 11-де барлық мүдделі органдардың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізу туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, 27 ақпан күні сағат 18:35-те Түркістан облыстың ТЖД-ның «103» қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 4 баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болмаған.

Қайғылы жағдайдың себебін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылды.

Оқиға орнына аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев барды. Ол оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар