Түркістан облысында жоғалған 7 туристің екеуі әлі табылмай жатыр

«Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жалғасып жатыр. Әзірше еш нәтиже болмай тұр. Іздеу жұмыстарына 127 адам, 15 техника, 3 квадракоптер, 3 кинологиялық топ және 1 тікұшақ жұмылдырылған», - деді министрліктің ресми өкілі.
Талғат Уәлидің нақтылай түсуінше, іздеу жұмысына жұмылдырылған мамандардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 61 қызметкері, 6 техникасы және 1 квадракоптері, Шымкент қалалық ТЖД-ның 2 қызметкері, 1 техникасы және 2 квадракоптері, ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару отрядының 18 құтқарушысы, 3 кинологиялық тобы мен 4 техникасы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 9 әскери қызметшісі және жоғалған туристердің 5 туысы бар. Сонымен қатар Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің 7 қызметкері, 2 жүзу құралы мен 1 техникасы туристерді іздеу жұмысына қол ұшын беріп жатыр.