Түркістан облысында 50 мыңға жуық оқушы компьютермен қамтылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен әлеуметтік осал топтағы балалардың барлығы компьютермен қамтамасыз етілетін болды. Әлеуметтік осал топ санатындағы ерекше білім беруді қажет ететін және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен кедейлік шегінен төмен отбасылардың 49 261 баласына қажетті техника жеткізіліп беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісінде облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев баяндама жасап, өңірдегі білім беру саласындағы шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Оның сөзінше аймақтағы 910 мектепте 500 мыңға жуық оқушы білім алады. Олардың ішінде 838 елдімекеннің 705-де интернет, ұялы байланыс жүйелері бар. Ал, интернетсіз не ұялы байланыс қызметі нашар, 2G деңгейдегі интернеті бар ауылдарда оқушылар дәстүрлі түрде білім алуы мүмкін. Мәселенің шешімі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты.

«Бірінші кезекте, біз осы балаларды компьютерлік техникалармен қажеттілігіне қарай толық қамтылады. Ол үшін, Басқарма тарапынан тиісті санаттағы оқушыларды компьютерлік техникалармен қамтудың «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» принципіндегі алгоритмі әзірленеді»,-деді баяндама жасаған басқарма басшысы.

Ал, жаңа оқу жылында негізгі басымдық - білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға берілмек. Білім алу цифрлық Onlinе-mektep, Daryn-Onlinе платформалар арқылы жүргізілмек. Сондай-ақ, мұғалімдер сабақты үй жағдайында тек компьютермен жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар