Теннис: Ярослава Шведова Доха турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Доха WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін өзбекстандық Ақгүл Аманмурадовамен өткізді.

Я.Шведова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде айқын басымдылық көрсетті – 6:3, 6:0.

Бұл – Ярослава Шведованың сәбилі болуына және жарақатына байланысты жыл жарымдық үзілістен кейінгі алғашқы жеңісі.

Я.Шведова іріктеу сайыстарының жартылай финалында америкалық Бетани Маттек-Сандспен шеберлік байқасады.

Жалпы жүлде қоры 565 530 АҚШ долларына бағаланған Доханың негізгі турнирі 1 наурызда басталып, оған Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина қатысады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева денсаулығына байланысты Доха додасынан сырт қалды. Оның бүйрегінен тас табылып, ота жасалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан жарысының жеңімпазы атанғанын, Александр Бубликтің Сингапур турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар