11:53, 09 Тамыз 2019 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен қызын өлтіріп кетті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын қылмыскер пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған.
«Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен 3 жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды», - деді полиция өкілі.
Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдікті сол ауданның тұрғыны, бұған дейін сотталғаны анықталды. Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.