СҚО-ның емдеу мекемелеріне 20 оттегі концентраторы таратылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың емдеу мекемелеріне «DAULETTEN қайырымдылық қоры» және «BI Group» құрылыс компаниясының ақшасына алынған 20 оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық аппараттардың оны Петропавлдағы көпсалалы ауруханаға берілді.

«Жақсылық вирусы» акциясы аясында «DAULETTEN қайырымдылық қоры» және «BI Group» құрылыс компаниясының жанынан құрылған «Birlik» қорының қаржысына алынған 20 оттегі концентраторы жеткізілді. Оны облыс орталығына тасымалдаушы компаниялардың бірі тегін жеткізіп берді. Жалпы біз бұған дейін «Менің атамекенім» акциясы аясында өңірдің емдеу мекемелеріне көмектескен едік», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.

Петропавл қалалық көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Руслан Тасовтың айтуынша, емдеу мекемелерінде бұл қондырғыларға қажеттілік бар. Оттегі концентраторлары 3 қалалық ауруханада ашылған провизорлық стационарға беріледі және жақын арада науқастарды емдеуге қолданылмақ.

Қалған 10 аппарат Айыртау, Ақжар, Қызылжар, Жамбыл және Мағжан Жұмабаев аудандарындағы орталық ауруханаларға жөнелтіледі.

Бұған дейін «Жақсылық вирусы» акциясы арқылы Петропавлға «DAULETTEN Қайырымдылық қорының» қаржысына екі оттегі концентраторы жеткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға кез-келген адам қатысып, қаржылай қолдаудан басқа, өнімді жеткізу немесе өз тауарына жеңілдік беру арқылы, тіпті волонтер ретінде де көмек көрсете алады.

Жобаға қатысу үшін қажет ақпаратты atamekenim.kz сайтынан алуға болады.


Соңғы жаңалықтар