ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемені анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 22 ақпаннан бастап «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Арнайы құрылған 26 топ қызметтік қару ұстайтын заңды тұлғаларға тексеру жүргізді. Олардың қатарына күзет агенттіктері, инкассация қызметі, фельдъегерлік байланыс және «Қазпошта» АҚ жатады. Мамандар аталған мекеме қызметкерлеріне қызметтік қару мен оқ-дәріні сақтау және қолдану тәртіптерін жіті түсіндірді.

«Шара барысында сақшылар 170-тен астам объектіні тексерілді. Қызметтік қару мен оқ-дәрінің жетіспеу немесе бекітілген шектен артық болу фактілері тіркелген жоқ. Десе де қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабына сәйкес 6 әкімшілік хаттама толтырылған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы 5 наурызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар