08:18, 05 Маусым 2018 | GMT +5
Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 маусым күні 19:50-де Семейдегі он қабатты тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала пәтердің (2-қабат) терезесінен құлап түсіп, ауруханаға жеткізілген», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.