Павлодар облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Павлодар облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев карантиндік шектеулердегі өзгерістер туралы айтты.

«Біз облыста қаулыны республикалық қаулыға сүйеніп қабылдаймыз. Осы жолы сол қаулы бойынша кинотеатрлар жұмысына рұқсат беру жазылған. Алайда, кинотеатрлардың толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс» - деді Батырбек Әлиев.

Жаңа қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

27 ақпандағы мәлімет бойынша «сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Соңғы жаңалықтар