Оралда қатты аязға байланысты 1-9 сыныптар қашықтан оқиды

None
None

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін қатты аязға байланысты Орал мектептерінің екінші ауысымындағы 1-9 сыныптар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қалада температура тілі 28 градусты көрсетуде.

Оған қоса күн боранды болып тұр.

Еске сала кетейік, бүгін Оралда бірінші ауысымдағы оқушылар да мектепке бармаған болатын.

Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды.



Соңғы жаңалықтар