Норвегияда үш адамды пышақтап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазқпарат – Өткен түнде Норвегиядағы Сарпсборг қаласында үш адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Норвегия мемлекеттік телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Шабуыл қаланың әр жерінде болған.

Ел оңтүстігіндегі полиция басқармасы өзінің Twitter парақшасында шабуыл жасауға күдіктілердің бірі ұсталғандығын хабарлады.

Бұған қоса, тәртіп сақшылары қылмыскердің жалғыз болмауы мүмкіндігін ескерте келе, Сарпсборг тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар