Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысына 10 950 доза көлемінде «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тітшісі.

Вакцинация басталғалы өңірге барлығы 18600 доза вакцина жеткізілді. Қазір вакцинаның жалпы саны 29550 доза.

9 сәуір күні Маңғыстау облысында жалпы екпе алғандар саны 6678 адамды құрады.

Келесі аптадан бастап ірі сауда үйлерінде, спорт мектептерінде, колледждерде, «Ақтау» сауда, ойын-сауық орталығында қосымша жылжымалы егу пунктерін ашу жоспарланып отыр. Арнайы бригадалар Халыққа қызмет көрсету орталығында, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Атамекен» ӨКП және өзге де нысандарда жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар