Маңғыстау әкімдігінің 30 қызметтік көлігі қалалық емханаларға берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Бұл, емханалардағы көлік тапшылығын азайту үшін қолға алынып отыр.

Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды.

Айта кетейік, облыс әкімдігі көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және өзге де шығындарды өз мойнына алады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мобильді топтардың санын 3,5 мыңға дейін арттыру керектігін айтқан болатын. Соған сәйкес Маңғыстау облысында да мобильді топтар құрылды.


Соңғы жаңалықтар