Қызылордада пышақ жарақатымен ауруханаға 16 жастағы жасөспірім түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қазалы ауданында тіркелген. Аудандық полиция бөліміне​ жасөспірімнің дене​ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Анықталғандай, белгісіз адам 16 жастағы жігітке пышақпен жарақат салған.

«Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде пышақ жарақатын салған күдікті – 16 жастағы жасөспірім анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру​ амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.​​ Оқиғаның​ орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар