Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың арасында 131 адам облыс орталығының тұрғындары. Одан кейінгі кезекте Шиеліде - 14, Жалағашта - 10, Арал мен Қазалыда - 9 адам инфекция жұқтырған. Ал Сырдарияда - 6, Жаңақорғанда - 5, Қармақшыда - 3 адамнан коронавирус анықталған.

«Науқастардың басым көпшілігі ауруды қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Өткен аптада тіркелген 65 жағдайдың 31-і осындай жолмен жұққан. Бұл тұрғындардың жеке сақтық шарасын, үйде оқшаулану тәртібін, карантин талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қазіргі таңда облыста коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 3 796 адамға жетті.

Жыл басынан бері 400-ден астам ковид-ке шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар