07:21, 29 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Қытай мен Қырғызстан шекарасында тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 29 желтоқсан 1 сағат17 минутта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.5. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 20 шақырым.Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.Еске салсақ, кеше кешке Қытай мен Қырғызстан аумағында 5 балдық зілзала болып, Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
Фото: cnbcfm.com