ҚР ИИДМ қалалық автобус тасымалдарын дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің ақпараты бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейіне сәйкс келеді. (2020 ж. – 1,43 млрд. тонна, 2019 ж. – 1,5 млрд. тонна).

Отандық автотасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы ұстанымын нығайту мақсатында сатып алынатын ершікті тартқыштарды кәдеге жарату алымынан және алғашқы тіркеу алымынан босату жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қалалық автобус тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді. Оны іске асыру саладағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар:

- ЕАЭО көлік дәліздері жүйелерімен ықпалдастырылған көлік құжаттарын басқару жүйелерін цифрландыру;

- халықаралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру жүйесі рәсімдерін автоматтандыру;

- еліміздің автобус паркін жаңарту сияқты жұмыстар жалғасады.

Еске сала кетейік, короновирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында 2020 жылдың 5-19 шілдесі аралығында облысаралық және қалааралық автобустардың жүруі тоқтатылды.

Карантин енгізілген сәттен бастап ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Монғолия автокөліктерінің барлық түрлерімен жолаушылар мен багажды екі жақты тасымалдау, оның ішінде 117 тұрақты бағыт, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасымалы тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар