Қостанайлық полицейлер көшеде маска таратып жүр

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері көшеге шығып, медициналық маскалар таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты полицияның баспасөз қызметі таратты. Тәртіп сақшылары өңірдегі «Болшевичка» тігін фабрикасы тіккен маскаларды тұрғындарға таратып жатыр.

«Жалпы пандемия басталғалы полицейлер көшеде тұрғындарға мыңнан астам маска таратқан. Бүгінде көшеде маска тағып жүруді қостанайлықтардың көбі әдетке айналдырған. Бұрынғыдай маска тапшылығы жоқ. Баға да тұрақтанды. Дегенмен, көшедегі кісіге сапалы әрі тегін масканы тосын сыйға тарту арқылы жауапкершіліктің артуына ықпал етеміз. Мұндай акцияларды біз дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғаса береді», - деді патрульдік полиция батальонынының инспекторы Қуаныш Ізбасаров.

Айта кетейік, бұған дейін қостанайлық полицейлер «Большевичка» фабрикасының қызметкерлерімен бірге қоғамдық көлік жолаушылары мен көшедегілерге 500 маска таратты.



Соңғы жаңалықтар