Қостанай облысында екі жатақхана салынып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы басталды. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында жалпы контингенті 22 мыңнан астам студентті қамтитын 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Барлық колледждерде тиісті жағдайлар жасалған.

«Бүгінде облыста 25 мемлекеттік білім беру басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жеке меншікке қарайтын оқу орны жаңа оқу жылына дайын. Осы жылы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 5203 студентті қабылдау күтілуде. 0ның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 950 студент алынады. Қабылдау ағымдағы жылдың 27 тамызына дейін жалғасады», - деп атап өтті аймақ әкімі.

Архимед Мұхамбетов айтқандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Қостанай қаласында екі жатақхананың құрылысы басталды.

«Жыл соңына дейін 700 млн теңге сомасына 250 орындық Қостанай жоғары медициналық колледжі салынады. Осы мерзімде 1,5 млрд теңгеге 500 орындық Қостанай автомобиль көлігі колледжі пайдалануға беріледі. Бірақ, құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады. Негізі қазір облыста 25 жатақхана жұмыс істейді. 1300 студент жатақханаға мұқтаж. Бұл мәселені біртіндеп шешеміз», - дейді әкім.


Соңғы жаңалықтар