09:48, 25 Ақпан 2021 | GMT +5
Коронавирус: Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.