Көкшетауда 19 жастағы жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 19 жастағы жігіт сауда үйінің 3-қабатынан секіріп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 9 сәуірде Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарласып, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіттің көз жұмғанын айтқан. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмған.

«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы көз жұмған ер адамның 19 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол сәуірдің 9-да кешкі сағат 18:40 шамасында сауда үйінің 3-қабатынан секіріп суицид жасаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары тексеріс жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар