Кенияда мектептегі жаппай кептелістен 14 бала қаза тапты

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні күндіз Кенияның астанасы Найроби қаласынан солтүстік-батысқа қарай Какамега қаласындағы бастауыш мектепте болған.
«Балалар жергілікті уақытпен сағат 17:00-де сабақ аяқталғаннан кейін мектеп ғимаратынан шығып бара жатқан. Хабарламаға сәйкес, кептеліс сабақ аяталғаннан кейін балалар шығып бара жатқан кезде болған. 40-қа жуық мектеп оқушысы жарақат алды, олардың кейбірі ауыр жарақат алған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Кей балалар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Кенияның білім министрі Джордж Магоха Citizen TV өкілдеріне 14 баланың қаза тапқанын растап, олардың ата-анасына көңіл айтты.
Алдын ала дерек бойынша, мектептегі сығылыс баспалдақтың қирауынан болған.
Полиция командирі Какамеги Дэвид Кабена жергілікті БАҚ-қа аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады.