Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24 ақпанның ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында 24 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сол күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз - 23 м/с дейін жетеді.

24 ақпан күні Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 16 метрге жетеді.

23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында 24 ақпанда күндіз көктайғақ болып, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні15-18 м/с болады.

Семей қаласында 24 ақпан күні түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау қаласында 24 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар