Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайызға арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық өнеркәсіп өнімдерін шығарушы кәсіпорындар бағаны ағымдағы жылдың бес айында (2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың мамыр айы) 19,5 пайызға төмендеткен.

Кен өндіру өнеркәсібінің бағалары 36 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп – 0,2 пайызға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайыз арзандаған, өнеркәсіп сипаттағы қызмет көрсету 2,9 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«Өткен айдың ішінде мазут өндіруші кәсіпорындардың бағалары 50,7 пайыз, мұнай - 46,7 пайыз, сұйытылған пропан мен бутан - 23,2 пайыз, бензин - 10,5 пайыз, дизель отыны 6,8 пайыз төмендесе, металл рудаларының бағалары - 12,3 пайызға, табиғи газ - 5,3 пайызға, көмір - 1,3 пайызға көтерілген. Мырыш бағасы 16,7 пайыз, қорғасын - 11,6 пайыз, алюминий - 9,4 пайыз, мыс - 6,3 пайыз, қара металдар прокаты - 3,6 пайызға төмендеді, асыл металдар бағасы 11,8 пайызға артқан», - деп хабарлады комитеттен.

Жарма өндірушілерінің бағалары 9,6 пайыз, бидай ұны - 8,8 пайыз, қарабидай ұны - 5,7 пайыз, мал еті - 6,8 пайыз, құс еті - 2,3 пайыз, шай - 6,4 пайыз, макарон өнімдері - 5,5 пайыз, күріш - 5,1 пайыз, қант - 4,9 пайыз, сүт өнімдері - 3,4 пайыз, күнбағыс майы – 3 пайыз, нан - 2,8 пайыз көтерілген.


Соңғы жаңалықтар