Карантин: Командалық оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыға сәйкес, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға рұқсат етілген.

Сонымен қатар оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту ескерілген. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) бағытталады.

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беру қарастырылған.

Сонымен қатар бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілмек.

«Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2021 жылғы 1 наурыз сағат 00-ден бастап күшіне енеді», - деп аталып өткен Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында.

Аталған қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар