Қарағандыда пышақталған ер адам ауруханаға жеткізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ауруханаға пышақ жарақатымен 39 жастағы ер адам жеткізілді. Күдікті 33 жастағы қарағандылық бірден ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 ақпанда Қарағанды қаласының медициналық мекемесіне 39 жастағы ер адам пышақ жарақатымен жеткізілді.

«Полиция қызметкерлері жәбірленушінің пәтерінде 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ішімдік ішу барысында жанжал болғанын және қақтығыс кезінде жәбірленушіге пышақ салғанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар