16:48, 13 Қаңтар 2020 | GMT +5
Қарағандыда пәтер өртеніп, 4 бала құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қаңтарда сағат 11: 46-да 19а мекенжайы бойынша өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Өртті сөндіру барысында барлығы 6 адам құтқарылды, оның 4-уі бала. Сонымен қатар 8 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сағат 12: 14-те өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД баспасөз қызметі.