Қарағанды облысына жылу үшін төленген 167 млн теңге тұтынушыларға қайтарылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес жылумен жабдықтау бойынша қызметтер құнын қайта есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

2019-2020 жылдағы жылыту кезеңінің есебі бойынша жылу энергиясын өндіру, жіберу, бөлу және жабдықтау қызметтерінде келесі субъектілер бойынша қызметтер құнының «жылу жетіспеушігі» (ҚҚС қоса алғанда) жіберілген.

Атап айтқанда, «Окжетпес-Т» ЖШС-ның тұтынушыларға (халыққа) қайтаратын сомасы ҚҚС қоса алғанда 142 919 790 теңгені, «Жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ – ҚҚС қоса алғанда 14 648 000 теңгені, «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС – ҚҚС қоса алғанда 9 731 000 теңгені құраған.

Нәтижесінде жылу есептеу құрылғылары жоқ Қарағанды облысының тұтынушыларына табиғи монополия субъектілері жалпы сомасы ҚҚС қоса алғанда 167 298 790 теңгеге жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттелмелі қызметтер құнына қайта есептеу жасайтын болды.


Соңғы жаңалықтар