Футболдан Премьер-лига ойындары: «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші туры жалғасып, тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күніне үш кездесу белгіленген. Қазірге едйін оның екеуі аяқталды.

Алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен сүріндірді. Кездесу барысында қостанайлық клуб сапынан Алекс Аманович 25, Элгуджа Лобжанидзе 74-минуттарда мергендік танытты.

Тағы бір ойында Алматының «Қайраты» өз алаңында Түркістанның «Тұран» клубына 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Алматылық команда сапынан бірінші кезеңде Айбол Әбікен 2, 30, Камо Оганесян 5, Хосе Канте 43-минуттарда гол соқты. Екінші кезеңнің 90-минутында «Тұран» футболшысы Қасымхан Тайыпов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола ойынның нүктесін қойды.

Аталған турдағы төрт ойын кеше, 9 сәуірде өткізілген болатын.

Сол күні «Тараз» Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен тізе бүктірсе https://kaz.inform.kz/news/futboldan-kazakstan-chempionatynda-taraz-kosh-bastady_a3774443, Оралдың «Ақжайығы» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті.

Аталған турдағы соңғы ойын бүгін 19.00-де елордада «Астана» мен «Атырау» арасында болады.


Соңғы жаңалықтар