Елордада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 82 қылмыс тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 82 қылмыс тіркелді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев «Antikor.Live» жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жыл басынан бері 82 қылмыс тіркелді. Оның 62-сі - жергілікті сыбайлас жемқорлықпен байланысты ауыр қылмыс. Оларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президенттің бізге берген тапсырмасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта әуежай бойынша, Алматы ауданы әкімнің орынбасары және біраз лауазымды қызметкерлердің қылмысы бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Оның айтуынша, былтыр аталған агенттікте мемлекеттік қызмет бойынша жеке бөлім ашылған.

«Жеке бөлінгеннен кейін біздің агенттікте парасаттылық, алдын алу және серіктестік деген үш департамент пайда болды. Бұл - өте дұрыс шешім. Осы бағыттар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдын алу департаменті көп қылмысты болдырмау үшін жұмыс істейді. Бұл бағытта денсаулық сақтау, дене шынықтыру және басқа да департаменттер бойынша 8 сыртқы талдау жүргіздік. Қазіргі кезде қаладағы мекеме басшылары мен әкімдіктің басқармаларымен меморандумға қол қойып, бірге жұмыс істеп жатырмыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар