Елордада күн сайын 30 мың текше метрге жуық су сорылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қысқы маусымда қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Елордада су сору жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника, яғни ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік сайын орта есеппен 30 000 текше метр су сорып алады. Көктем мезгілі басталғаннан бері 180 000 текше метрден астам су сорылды.


Елордада су басу қаупі бар жерлерде нөсер кәрізін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, Б.Момышұлы даңғылында биылғы жазда су басу мәселесі шешілетін болады. Аталмыш даңғылда Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін ұзындығы 500 метр болатын нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Молодежный» шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысы) тазарту жүргізіліп, жеткізуші коллекторлар қайта жөнделуде. Жаңа құрылыстардың қуаттылығы тәулігіне 42 мың текше метрден асады, бұл нөсер кәріздерінің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Тазарту қондырғысы жер астында қарастырылғандықтан, үстіндегі алаңға түрлі архитектуралық мүсіндер, көгалдандырылған алаң орнатылады. Құрылысты биыл аяқтау жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар