БҚО-да өртенген үйден екі газ баллоны шығарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өртенген үй ішінен екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің бас маманы Мереке Жұмағалиевтің айтуынша, оқиға 20 мамыр күні кешкісінБәйтерек ауданы Сұлукөл ауылында орын алды.

Сағат 18.52-де Достық 1-мекенжайында жеке тұрғын үй отқа оранды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №22 өрт сөндіру бөлімімен (4адам, 1 техника) қатар мемлекеттік емес «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС (7 адам, 1 техника) күші жұмылдырылды.

Аумағы 50 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 21.55-те сөндірілді. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 2 газ баллонын алып шықты.

Биыл жыл басынан бері облыста тұрғын үй секторында 117 өрт тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнде өрт шыққан көпқабатты үйден 83 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.