Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы ҰБТ-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.
Жаңашылдықтар:
Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
Шекті балл жинамағандарға ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі;
Болашақ педагогтер үшін шекті балл - 70;
ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
Тестілеу уақыты 4 сағатқа созылады.

Соңғы жаңалықтар