Бейрутта жойқын жарылыс болды

None
None
БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Бейруттағы ірі Daily Star газетінің редакциясына жақын маңда алапат жарылыс болды. Таяуда елдің экс-премьері Рафик Хариридің өліміне қатысты іске сот үкімі шығуы тиіс еді.

Желіге таралған видеода Ливан астанасы аспанында пайда болған қою түтін жарылыстың салдары екенін көрсетеді. Жарылыс Бейруттың порт орналасқан жағында болған.

Жұма күні БҰҰ трибуналы Хариридің өлім бойынша сырттай айыпталған төрт адамға үкімді жариялауы тиіс болатын. Харири 2005 жылы бомба қойылған көлік жарылысы кезінде көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар