14:28, 12 Наурыз 2019 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің екі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.
Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.