Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 72 пайызға жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10​ 383 науқастың бүгінде ​ 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. ​

Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс»,- деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.


Соңғы жаңалықтар