Атырау облысына 55 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына 55 санитарлық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір облыстағы медициналық мекемелерде 41 жедел жәрдем автокөлігі қызмет көрсетеді.

«Атырау облысына қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизингіге 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, облыстық әкімдік осындай 15 көлікті сатып алуды жоспарлап отыр», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір Атыраудағы емханалар жанынан 61 мобильді бригада жасақталған. Олар коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырып, үйде ем алатындарға көмек көрсетуде.

Еске сала кетелік, Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұр.



Соңғы жаңалықтар