Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. ҚазАқпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жарлықтың толық мәтінін жариялайды.
None
None

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Соңғы жаңалықтар