Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады

Оның айтуынша, Алматыда Ashyq қосымшасын 13 мың кәсіпкерлік нысан тіркеуге ниет білдіріп отыр.
«Бұл фитнес клубтар, спа-орталықтар, сауна, бассейн, компьютер клубтары мен боулинг орталықтар. Бұл жүйе бизнес үшін көп қаражатты талап етпейді. Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін келушілер арнайы QR-код арқылы өтеді. Мәселен, «жасыл» мәртебе COVID-19 ПТР талдауы теріс боп шыққан адамға беріледі. ПТР талдауы жоқ, COVID-19 ауырған адаммен байланысы жоқ адамға «көк» мәртебе беріледі. «Сары» мәртебе COVID-19 науқас адаммен байланысы болған адамға беріледі. «Қызыл» мәртебе базада COVID-19 ПТР талдауы оң шыққан адамдарға беріледі», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.
Айта кету керек, ҚР Цифрлық даму, инновация, аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі ҚР ДСМ біріге отырып елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін Ashyq қосымшасын әзірледі.
Ashyq қосымшасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларындағы нысандарда қолданылып жатыр.