«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қандай шаралар қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәуір айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісті жаңғырту мен қайта құрудың стратегиялық даму жоспарын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «АрселорМиттал» компаниясының вице-президенті Вижай Гоял мырзамен кездескен еді.

«2019 жылдың соңында компаниямен меморандум бекіттік. Компания 4 жыл ішінде шығарындылардың 30%-ын азайту туралы міндеттеме алды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша министр бастаған топ Теміртауда үш рет кеңес өткізді. Қаңтар айында да барып келді, бірақ компания бұл міндеттемелерді орындамай жатыр. Меморандум бойынша талаптардың неге орындалмай жатқаны туралы өте қатаң әңгіме болды», - деді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Нұр-Сұлтанда өткен журналистерге арналған брифингте.

Оның айтуынша, компания қазіргі пандемияға, карантин шараларына және жабдықтарды жеткізудің қиындығына және басқа да себептерді айтқан.

«Компания сәуір айының соңына дейін шығарындыларды жаңғырту, қайта жарақтандыру және азайту бойынша толық стратегияны ұсынуға уәде берді. Министр барлық талаптарды айтты: 4 жыл ішінде шығарындыларды кем дегенде 30% төмендетуді қамтамасыз ету, халық пен мемлекеттік органдар шығарындылардың нақты көлемін көре алуы үшін барлық шығарындыларды автоматтандыру қажет», - деп атап өтті З. Жолдасов.

Сонымен бірге З. Жолдасов уәде мен стратегиялар орындалмаса, компанияға қауіп төнетінін айтты.

«Егер орындалмаса, рұқсатты қайтарып алу мәселесі де қарастырылуы мүмкін. Рұқсатты кері қайтарып алу әрине, жабуды, тоқтата тұруды қамтиды. Яғни, бұл міндеттемелерді қатаң қойып, олардың орындалуын қадағалайтын боламыз», - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, Теміртау қаласында үш жыл ішінде 500 мың ағаш отырғызу жоспары бар

Соңғы жаңалықтар