Алматыдағы блокпоста болған жол апаты: Мас жүргізуші полиция қызметкері емес

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желіде мас жүргізушінің өзі де полиция қызметкері деген сыбыс тарады.

«Ақпаратты растамаймыз», - деді Полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға бүгін таңға жуық 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан.

Соның кесірінен екі полиция қызметкері қайтыс болды.

Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы әкімі қайғылы оқиғаға қатысты марқұмдардың отбасына көңіл айтты.