Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04: 00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.

Айта кетейік, олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен.


Соңғы жаңалықтар