Алматыда қала күнін мерекелеу аясында қандай іс-шаралар өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күнін мерекелеу аясында үстіміздегі аптада түрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі қала күнін тойлау аясында осы аптада өтетін іс-шаралардың тізімін жариялады. Әкімдіктің мәліметінше, 11-17 қыркүйек аралығында сағат 18:30-да қала күні мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 95-ші мерейтойлық театр маусымын мерекелеу аясында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауы өтеді.

12-18 ыркүйек аралығында сағат 16:00-22:00 аралығында «Қазақфильм» киностудиясының аумағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақ киносы күндеріне арналған ашық аспан астындағы кино ұйымдастырылады. Іс-шара аясында қазақстандық кино және эстрада жұлдыздары қызыл кілеммен өтеді, концерттік бағдарлама болады және қонақтарды арнайы тосынсыйлар күтеді.

13-14 қыркүйек аралығында Абай алаңында сағат 20: 00-де жыл сайынғы «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді.

13 қыркүйекте қала тұрғындары мен қонақтары үшін сахнада «AL JAZZ SYMPHONY» эстрадалық-симфониялық оркестрінің, сондай-ақ Астанадан келген қонақтар - ҚР Президенттік оркестрінің орындауында қазақстандық композиторлардың сүйікті әндері шырқалады.

13 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қазақ халық композиторларының шығармаларын орындайды. Бұл күн Ұлы даланың фольклорлық інжу-маржандарына арналған. Іс шараға Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Bank RBK демеушілік етеді.

14 қыркүйек күні сағат 16:00-де Абай даңғылы мен Байсейітов көшесі қиылысында Artbat Fest заманауи өнер фестивалінің экскурсиясы өтеді. Баспасөз туры кезінде журналистер әртүрлі мүсіндермен, AR-туындылармен, муралдармен және уақытша қондырғылармен танысады, сонымен қатар суретшілер мен олардың шығармашылық тұжырымдамалары туралы толық ақпарат ала алады.

16-17 қыркүйекте сағат 10-нан 21-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, ол жер екі күнге үлкен Алма-саябаққа айналады. Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық, концерттік бағдарламалар жоспарланған. Облыстық шаруашылықтар сататын алма саны өткен жылмен салыстырғанда 100 тоннаға қарағанда 127 тоннаға артады.

Сондай-ақ, 17 қыркүйекте сағат 10.00-де Абай алаңында қаланың дамуына ерекше үлес қосқан алматылықтар марапатталады, бұл түрлі еріктілер ұйымдарының өкілдері болады.

15-17 қыркүйек күндері сағат 12.00-20.00 аралығында қаланың 8 ауданы мен Панфилов пен Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді. Мерекенің жалпы тұжырымдамасына сәйкес фестиваль бағдарламасы түрлі аймақтарға бөлінеді: командалардың қойылымы, жас әртістердің концерті, қолөнершілер жәрмеңкесі, заманауи өнер көрмесі, «Кино» кафесінде кино көрсетілімдері, жергілікті суретшілер мен дизайнерлердің арт- нысандары, шеберлік сабақтары өтеді.

15 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Аlmaty cover show» мерекелік концерті өтеді, ал 17 қыркүйекте сағат 16:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді.

Соңғы іс-шара ретінде 23 және 24 қыркүйек күндері сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін Абай атындағы ҚазҰОБТ алаңында өтетін «Shaisheik Food Fest» тағам фестивалі өтеді. Аумақта ересектерге арналған шеберлік сыныптары бар аймақтар, кішкентай қонақтар үшін аниматорлары бар ойын алаңдары, фуд-корттар, байқау аймақтары, ашық аспан астындағы кинотеатр, мереке, ойын-сауық алаңдары, концерттік шағын алаңдар мен фотоаймақтар болады.


Соңғы жаңалықтар