Алматыда эксклюзивті құндыз тон сатпақ болған алаяқ ұсталды

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 27 жастағы әйел «HI-Tech» республикалық іс-шарасы барысында әшкереленді.
«Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Алатау ауданының ПБ қызметкерлерімен бірге алаяқ әрекеті үшін 27 жастағы әйелді ұстады. Әйел қылмыстық ниетпен онлайн киім дүкеніне ұқсайтын Instagram-дағы аккаунты ашып, онда құндыз тонның эксклюзивті модельдерін базар бағасынан төмен бағамен сатылатыны жөнінде жарнама жариялаған. Көптеген тұрғын сатушыға сенген. Алаяқтың жұмыс жоспары мынадай болған. Тон сатып алғысы келетін адам оның букмекерлік кеңселердегі шотына ақша аударуы керек болатын. Ақша түскеннен кейін ол телефонды өшіріп, SIM картанs ауыстырып, сатып алушыны барлық мессенджерде және әлеуметтік желіде блоктап отырған», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция ,асқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.