Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның жағдайы ауыр-дәрігер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның өмірі қыл үстінде тұр.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қордай аудандық Орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Марина Чаяхметова айтты.

Зауытбек Нұрдәулеттің жағдайы жақсарғандықтан, оны туыстары Алматыға алып кеткен.

Ал Шыңғысхан Мұхаметқалиевтің жағдайы әлі ауыр.

«Шыңғысхан әлі травматикалық комада жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Ол ауыр ми жарақатымен түскен болатын. Миына қан кеткен. Басына трепанация жасалды. Ұйыған қан алынды. Әзірге жағдайында өзгеріс жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз. Қолдан келген барлық ем жасалып жатыр», - деді Марина Чаяхметова.

Маманның айтуынша, Нұрдәулет Зауытбек ауруханаға орташа ауыр халде түскен. Ақыл есін біліп түскен. Сондықтан, спортшының денсаулығы тез оғалған көрінеді.

«Жақын арада спортшы үйіне шығады. Оған амбулаториялық бақылау көрсетілген»,- деді дәрігер.

Бұған дейін қазақ спортындағы қайғылы оқиға туралы жазған болатынбыз.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Карабалаев, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тас жолында бойындағы жол апатынан қаза болған еді.

Ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бір күннен кейін ауруханада қайтыс болды.

Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев Қордай аудандық Орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен болатын.


Соңғы жаңалықтар