12:24, 01 Шілде 2020 | GMT +5
Алдағы үш күнде күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағай, екпінді жел мен жаңбыр әкеледі.
Жеке аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Температуралық фон түнде +8…18 дейін, күндіз +18…28 градусқа дейін төмендейді.
Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтар жоғарғы қысым аясында болады.
Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде +13…22 дейін, күндіз +30…38 градусқа дейін жоғарылайды.