Ақтөбеде жазасын өтеушілерге арналған арнайы бағдарлама іске қосылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 15 аудандық пробация қызметі бар. Пробация қызметі сотталғандарды жан-жақты көмек беріп, жұмысқа орналастыруға ден қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пробация қызметкерлерінің қолдауымен кәсіп бастап, қоғамға бейімделіп кеткендері аз емес. Бұдан бөлек жергілікті пробация қызметі заң аясында жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындауға көмектесті. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық пробация қызметіне есепке алынған Т-ға қатысты бірнеше жұмыс атқарылды. Алдымен аудандық жұмыспен қамту бөліміне ұсыныс жолданды. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сотталған Т-ға мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды. Оған ай сайын 42 500 теңге атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Сонымен бірге ІІІ-топтағы мүгедектігін ескерген пробация қызметі кепілдендірілген медициналық көмекті алуға жәрдемдесті Аудандағы орталық аурухананың психолог маманынан психологиялық көмек алды. Қобда аудандық пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, оны күзетші етіп жұмысқа орналастырады. Екі оқушы баласы мектеп жанынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.

«Аудандық пробация қызметінің жеке бағдарламасы аясында жан-жақты көмек берілді. Бұл жұмыстар сотталған адамның қоғамға тез бейімделіп, қайта қылмысқа бой алдырмауы үшін жасалып жатыр. Сотталған Т. пробация қызметі тарапынан ұйымдастырылатын барлық профилактикалық іс-шараларға белсене қатысты және сот жүктеген міндеттерді қатаң сақтап келеді. Сонымен қатар, өз іс- әрекеті туралы есеп беруге пробация қызметіне уақытылы келіп тұрады»,- дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айгерім Жаңбырбаева.


Соңғы жаңалықтар